Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

20 Қыркүйек 2023, 09:32
3475
Бөлісу:
Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін. Барлық аудан тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз

Өзгелердің жаңалығы