Жетісулық оқушылардың жылыжайы жеміс берді

23 Мамыр 2024, 10:18
546
Бөлісу:
Жетісулық оқушылардың жылыжайы жеміс берді
Фото: баспасөз қызметінен

Ынтымақ ауылына қарасты № 30 орта мектепте жылыжай ісі дамуда. Бұл биология пәнінің зертханалық-тәжірибелік алаңы ретінде қолға алынған жоба, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр ашылған білім ордасында оқушыларға арнап 72 шаршы метрлік 4 шағын жылыжай жасалған еді. Осы ретте облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен «Green school – Жасыл мектеп» жобасы жүзеге асқан. Нәтижесінде биыл балалар еккен тұқымнан түрлі көкөністер өніп шыққан.

Оқушылар алдымен қыс аяғында сынып ішінде тұқымдарды арнайы қораптарда өсіріп, көктем айының басында топыраққа отырғызады. Міне содан бері 3 айға жуық уақыт болды, қияр, қызанақ, рукола, көк бұрыш, ақжелкен, шалғам жайқалып өсіп келеді. Мәселен, мұнда 100 кг-ға дейін қияр өнімін алуға болады. Қазір оқушылар педагогтармен бірлесіп жылыжайды күтіп-баптауда, - дейді мектеп директоры Сәуле Үсенова.

Жетісулық оқушылардың жылыжайы жеміс берді

Оқушылар салатқа арналған көк шөптерді 2 рет өсіріп шығаруға ниетті. Шағын жылыжайларды әр сынып жеке-жеке бөліп алған. Тіпті арнайы еріктілер тобы да құрылған. Олар кезекпен кезек суарып, жылыжай жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Биология пәнінің мұғалімі Сымбат Тлеуқабылова өсімдіктер тақырыбын түсіндіргенде қызығушылығымыз бірден артты. Сол арқылы тұқымды егу тәсілі мен өсімдіктердің селекциялық маңызын ұғындық. Көкөністердің өсу процесі өте қызық, мұндағы оқушылардың бәрі жылыжайдан шыққысы келмейді. Жақында піскен өнімдерді асханаға апарып, өзіміз пайдаланатын боламыз, - дейді 7-сынып оқушысы Данияр Баққажы.

Жетісулық оқушылардың жылыжайы жеміс берді

Жаңадан ашылған білім шаңырағында мыңға жуық оқушы білім алады. Заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Бүгінде балалар мектеп ауласындағы жеміс ағаштарын суарып, жаздық гүлдерді күтіп-баптап жүр.

Өзгелердің жаңалығы