Жетісуды "Жаңа ғасыр" театры таңғалдырды

Бүгiн, 15:36
170
Бөлісу:
Жетісуды "Жаңа ғасыр" театры таңғалдырды
Фото: автордан

Талдықорғанға Алматы қаласы әкімдігінің "Жаңа ғасыр" театры гастрольдік іссапармен келіп, көрермендердің көзіне жас үйірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Театрдың абыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтың ғұмырдариясынан сыр тарқатқан белгілі ақын Бақыт Беделханның "Тағдыр тақтасы" атты қойылымы талдықорғандықтарды таңғалдырды. Жиылған қауым кейіпкердің талайлы тағдырына қанығып, ерекше әсер алды.

Жетісуды "Жаңа ғасыр" театры таңғалдырды

Бізге Жетісу жері ыстық, жыл сайын келіп тұрамыз. Биылда көрермендерімізді жаңа қойылымдармен қуантпақпыз. Театр ұжымы көрермендерге бірнеше көркем спектакльдерді және Р.Томанның "Сегіз әйел" детективті қойылымының премьерасын ұсынады. Одан бөлек, Е.Ташкенбайдың "Соңғы қоңырау", Р.Томанның "Сегіз әйел" және "Алматы махаббатым" спектакльдерін тамашалай алады. Әр қойылымның өзіндік мативі мен ой салар идеясы бар. Оған қоса әрбір қойылым өзіне тән мазмұны мен актерлердің шеберлігімен ерекшеленеді. Көрермен келгенне өкінбейді, - дейді "Жаңа ғасыр" театрының көркемдік жетекшісі Талғат Кубеков.

Аталған өнер ұжымы былтырда келіп, халықтың ыстық ықыласына ие болған еді. Бұл өз кезегінде екі қаладағы мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы Жетісу тұрғындарымен жақын танысуға жол ашады. Келген көрермендердің пікірі де маңызды.

Жетісуды "Жаңа ғасыр" театры таңғалдырды

Асанәлі Әшімов – күрделі тұлға, оның тағдыры дәмді деуге келмейді. Бұл автобиографиялық қойылымда режиссер кейіпкерді толық аша алды деп ойламаймын. Дегенмен режиссер тарихқа сүйене отырып, біраз затты жеткізуге тырысқан. Әлі де солқылдақ жерлерін жонып, үлкен қойылымға айналдыруға болады. Бұл тұста авторларға да күш түседі. Кейіпкер соңында шыққанда жыламаған халық болмады. Еріксіз көзімізге жас үйірілді, - дейді Тоғанбек Жанарбекұлы.

 

Өзгелердің жаңалығы