Жетісудағы Көксу өзені көтерілді

20 Мамыр 2024, 18:49
762
Бөлісу:
Жетісудағы Көксу өзені көтерілді
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісуда толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан Көксу өзені толып, арнасынан асып ағып жатыр. Қазір жауапты мамандар шұғыл әрекет етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Толассыз жауған нөсердің салдарынан Көксу өзенінің су деңгейі межеден асты. Өзеннің жағалауы бұзылып, эрозия туындаған. Республикалық Алматы-Өскемен тас жолының Балпық би ауылымен өтетін көпір үсті қауіпті саналады. Тұрғындар мен жолаушыларға ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Оқиға орнында эрозияның алдын алу үшін өңір әкімдігі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бөгетті ірі тастармен және бетон-металл құрылымдарымен нығайтып жатыр. Мұнда барлық мүдделі қызметтер тартылған.

Жетісудағы Көксу өзені көтерілді

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпірді жауапты мамандар аралап көрді. Көксу өзені көпірін тексерген кезде ешқандай бұзылу табылмады. Қазіргі уақытта көпірде инертті материал дайындалуда. 5 бірлік техника: тиегіш – 1, КамАЗ – 3, ДРС –1, сонымен қатар 12 ДЭУ-19 жеке құрам тартылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл аймақтардағы су тасқыны жағдайы филиалдың бақылауында. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және Жетісу облысы бойынша филиалының «KAZHservice» ЖШС директорлары нысандарды аралады, - дейді Жетісу облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты Назерке Смағұлова.

Мамандарың айтуынша, Алматы-Өскемен тас жолының 243 шақырымында Көксу өзені екі күн жауған жауын-шашын салдарынан 80 м3/с-тан 300-350 м3/с дейін көтерілген. Су деңгейінің қатты көтерілуіне байланысты екі жақтағы жағалау бекіністері, яғни жағалау еңісі бұзылған. Қазір жауапты қызметкерлер алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Тұрғындардың алаңдауына еш себеп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы