Жетісу облысындағы Қоғалы ауылының тұрғындары сібір жарасына шалдыққан малдарды көму үшін мал қорымын салуға мәжбүр болып жатқанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірде жан-жанарлар арасында сібір жарасы тарап жатқаны айтылып жүр. Әсіресе ауру-сырқауы көп ірі қара малы көбіне осындай дертке душар болдаы. Бұл алдымен ауылдағы жұрттың жағдайына әсер етеді.
Заң бойынша, сібір жарасына шалдыққан малға дезинвекция жасап, ауруды заласыздандыру үшін ауыл сыртында арнайы орын құрылуы қажет. Дегенмен Қоғалыда бұл іс мүлде жүзеге аспаған.
Құрылыс тендерін ұтып алған мердігер із-түзсіз жоғалып кеткен. Енді оның орнына әкімдік қызметкерлерімен бірге жұмыссыз тұрғындар да бұл жұмысты атқаруға мәжбүр. Кеше олар бетон қоршауларды түсіруге мәжбүр болды. Неге біреу бұл үшін жалақы алады, бірақ біз тегін жұмыс істеуіміз керек? Адамға жұғуы да мүмкін. Құдай сақтасын, әйтеуір сиры малында арру көп болады. Оның ет, сүтін тұтнып отырғаннан кейін, адамға да жұғуы мүмкін. Біз неге малды өзіміз өртеп, арнайы қорым соғуымыз керек, - дейді ауыл тұрғыны Айдар Жанғабылов.
Аталған мәселе бойынша ақпараттан жергілікті билік өкілдері беймәлім екенін жеткізді. Алдағы уақытта көтерілген тақырып бойынша арнайы шешім шығаратынын жасырмады. Ал кербұлақтықтар өлген малды қайда апарарын білмей отыр. Себебі жара басқа да сау малға жұғуы әблен мүмкін.
Сібір жарасымен ойнауға болмайды. Бұл өзі адамға да әсер ететін вирустарға толы аурудың бірі. Сондықтан сиырларды ауыл сыртынан аулаққа апарып, не жерге көмген, болмаса өртеп жіберген абзал. Біз сол үшын жылда арнайы екпе жұмыстарын жүргіземіз. Дегенмен ауру әртүрлі себептермен өршіп кетеді, - дейді мал дәрігері Алтынбай Енсепов.