Жетісуда жол бойындағы әжетханалар өте лас

16 Қазан 2024, 19:30
371
Бөлісу:
Жетісуда жол бойындағы әжетханалар өте лас
PHOTO
Фото: автордан

Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолдың жиегінде орналасқан әжетханаларға адам кіре алмайды. Маңайы толған қоқыс, іші де лас, деп хабарлайды хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісудың туризміне үлес қоссам деп келген әлемдік спортшылар мен жұлдыздар жол бойына тоқтағанда қатты шошыған. Жолаушыға арналған әжетханаларда ешқандай санитариялық шаралар жүргізілмеген. Қоқыс жәшігі ернеуінен асып жатыр, айналаның бәрі темекенің қалдығы мен бұзылған азық-түліктерге толы. Бұл мәселе осы күнге дейін айтылғанымен ешкім құлағына қыстырмады.

Жетісуда жол бойындағы әжетханалар өте лас

Айына болмаса, 3-4 айда бір тазалап әкетеді. Бұл нысандарға Жетісу мен Алматы облысының әкімдігі жауапты емес. «Қазавтожолға» арыз жазып, мәселені көрету керек. Тегін әжетхана болғандықтан ешкімнің қадағалауында емес. Оның үстіне тұрғындардың ішкі мәдениетінің төмендігінің де айғағы. Қаншама адам тоқтап, дәрет алады. Олар да шама бер таза ұстауға тырысу қажет қой. Үйдегі күл-қоқысын арнайылып жол бойына тастайтын адамдар да бар. Камера қойып, бүлдірген жолаушыны жазалау қажет,- дейді жүргізуші Еділ Сейсенбаев.

Жетісу облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың сапасы мен санитариялық бақылауы өңірлік деңгейде шешілмейді. Дегенмен өңір жолының сапасына кедергі.

Жетісуда жол бойындағы әжетханалар өте лас

Жол бойынша ондаған әжетхана нысаны орналасқан. Онда кез келген жолаушы тоқтай алады. Ал оны бақылау мүмкін емес. Бірақ тазалық жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мұнда тек тазалық жұмысы аздық етеді. Тұрғындар түрлі ескі заттарын, қоқыстарын әкеп тастайды. Оның әрқайсысын аңдып отыра алмайсыз. Сол себепті айына қызмет көрсетіледі. Оны арнайы компаниялар жүзеге асырады,- дейді жауапты маман Жәнібек Тыныбек.

Өзгелердің жаңалығы