Жетісуда жер қойнауын тиімсіз пайдаланғандар жазаланды

13 Сәуір 2024, 17:46
567
Бөлісу:
Жетісуда жер қойнауын тиімсіз пайдаланғандар жазаланды
Фото: автордан

Биыл өңірдегі табиғи ресурстарға бай жазық алқаптарды заңсыз пайдаланған 20 тәртіпсіздік іс тіркелді. Қазір жауапты мамандар аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күн жылына салысымен құрылыс жұмыстарына қажет материалдарды бей-берекет қазып алатын тұрғындар саны көп. Бірі облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ұсталса, бірі ұсталмайды. 

Сондықтан олар өңірдің көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп экологиялық қылмыстарды анықтау үшін арнайы рейдтік жұмыстар жүргізген. Яки, жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланған тұлғалар мен кәсіпорындарды құрықтау үшін жоспарлы іс-шара жүргізген.

Аталған жұмыс мақсатында жалпы өңірде жұмыс істейтін арнайы мобильді топтар құрылған. Олар алдымен саз бен құмды, қиыршық тастарды өндіріп, шығаруға қабілетті өндіріс орындарын тексерген.

Жетісуда жер қойнауын тиімсіз пайдаланғандар жазаланды

Қаңтар айынан осы күнге дейін жер қойнауын пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар анықталды. Нақты лай кетсек,құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірудің 20 фактісі белгілі болды. Материалдарды заңсыз тасымалдаған бірнеше жүк көлігінінің иесі ұсталып, айыппұл тұрағына қамалды, - дейді өңірлік табиғатты қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов. 

Бүгінде анықталған фактілерді зерделей келіп, соға сай тиісті материалдар жиналған. Соған сай заңды қорытынды шығару үшін құжаттар экология департаментіне жіберілген. Жергілікті артқарушы  органдар осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге ниетті. Рейд әлі де жалғасады. 

Полиция қызметкерлері жетісулықтарды жерді заңсыз пайдаланған немесе инертті материалдарды заңсыз өндірген оқиғаларға кездесе қалса бірден хабар беруге шақырады. Бұл табиғатты қорғауға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы