Облыс орталығында биыл мыңнан астам пәтер табысталады. Оны кімдер алады?, деп хабарлайды хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу облысында тұрғын үй құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алматы облысы тұсында тоқтап қалған нысандар қайта жаңғыртылуда. Мәселен, пәтер мәселесі кейінгі жылдары өз шешімін тапқандай. Жыл сайын мыңдаған тұрғын қоныс тойын тойлап жатыр. Дегенмен алдымен әлеуметтік осал топ өкілдері баспана кілтін алады. Одан кейін кезекте тұрған тұрғындарға рет ретімен беріледі.
Осы жылғы жоспар аясында 1448 отбасыны жайлы баспанамен қамтимыз деп көздеп отырмыз. Олардың ішінде жетім балалар да бар. Баспана заң талаптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлер кезек тәртібімен бөлінеді. Бәрі заңның аясында кезек бойынша үлестіріледі деді тұрғын үй қатынастар бөлімінің басшысы Танат Төлеуғалиұлы.
Оның айтуынша, жыл сайын мыңнан астам пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары уақытымен жүретін болса, сол межеге жетеді. Аталған тұрғын үйлердің 20%-ы ең алдымен жетім балаларға, ал қалғаны көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі.
Биыл үй аламыз деп ниеттеніп отырмыз. Он жылдан астам уақыт кезекте тұрдық Көпбалалы ана ретінде тілегімізге жететін болдық. Жыл сайын кезегімді бақылап отырамын. Ешкім алдыма түсіп кетпегенін көріп көңілім жадырап қалады. Былтыр үлгере алмай қалдық, биыл жетеміз бұйырса. Қаншама жылдан бері пәтер жалдап тұрдық. Бес баламен көшу оңай емес, дейді көпбалалы ана Мариям Есіркепова.
Жалпы, өткен жылы көпке мәлім 1283 тұрғын баспаналы болса, ал жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 125 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта тағы үй беріледі.
Ақмарал ҚАЙРАТ