Қаратал ауданында құм-қиыршық ұсақ тастарды заңсыз өңдірген өңір азаматтары анықталды. Олар арнайы техниканың көмегімен Үштөбе-Бірлік тас жолының шетінде қазу жұмыстарымен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірде құрылысқа қажет материалдарды заңсыз пайдаланған әрбір тұрғын заңнан қашып құтыла алмайды. Оны былтыр облыстық Полиция департаментінің табиғатты қорғау қызметкерлерінің әрекетінен аңғарған болатынбыз. Биыл да жаз бастала осындай оқиғалардың алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс аумағындағы табиғи ресурстарды өз игілігіне пайдалануға тырысқан топтар құрықталып жатыр.
Рейд барысында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру фактісін байқадық. Бұзушылық Үштөбе-Көпбірлік жолының 33 шақырымында анықталды. Осы факт бойынша қажетті материалдар жиналып, өңірлік экология департаменті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды», дейді ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Ринат Парманов.
Ұсталған азаматтардың қолында арнайы рұқсатнама қағазы болмаған. Ешқандай келісімсіз жұмыс істеген. Мәселен майда тастарды тұрғындарға арзан бағада сатып, өзара қаржысын игеріп отырған.
Біз лицензиясы бар үлкен компанияның қызметкерлері деп ұқтық. Ары-бері қатынап жүрген жүргізушілерге солай түсіндірген. Әйтпесе үлкен жолдың бойында қазу жұмыстарын жүргізіп жатқаны анық көрініп тұрды. Шаң-тозаң басып кеткен соң, тәртіп сақшылары да арнайы тексерді. Табиғатты бұлай қорлауға болмайды, дейді Үштөбе қаласының тұрғыны Абылай Алтынбаев.
Тәртіп сақшылары жетісулықтарға қоршаған ортаны барынша қорғауға алып, осындай жағдайды байқаса, ескерту керектігін жеткізді.