Жетісуда туризмді дамытатын кешен ашылды

18 Қаңтар 2024, 06:07
431
Бөлісу:
Жетісуда туризмді дамытатын кешен ашылды
Фото: gov.kz

Жетісу облысында тағы бір Vizit орталық ашылады. Бұл нысан тау туризмі мен экологиялық туризмді дамытудың мүмкіндігі мол Сарқан ауданында орналаспады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін Екіаша ауылдық округіне қарасты Тополевка ауылындағы ескі екі мектеп ғимараты қайта жаңғыртылады немесе сол орынға салынады. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Сарқан ауданына барған жұмыс сапары барысында Vizit орталықтың болашақтағы орнын көріп, жұмыстың алдағы жоспарымен танысты.

Туристік орталық үшін Тополевка ауылының таңдалып отырғаны бекер емес. Бұл елді мекен - шекаралық аймақта орналасқан тау туризмі саласындағы әлеуеті жоғары аймақ. Осы өңірде «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркі орналасқан. Парк аумағындағы Жоңғар Алатауының баурайы алма мен қызғалдақтың тарихи отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелденгені белгілі. Бұл парк Қазақстандағы ұлттық табиғи парктер арасында көлемі жағынан екінші орын алады. Осған келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2022 жылы шамамен 2700 адам барса, өткен жылы олардың саны 3300-гежеткен. Бұл жерде 14 мыңнан астам гектар аумақты алып жатқан Сиверс алма бағы да өркен жайған. 2017 жылдан бастап Тополевка ауылында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі тұрақты өткізіліп келеді. Өткен жылы бұл іс-шараға шамамен 2 мыңдай адам барыпты. Жалпы бұл фестиваль маңызы жағынан Жапониядағы Сакураның гүлдеуі кезеңінен кем емес.

Сол сияқты Тополевка ауылынан 40 шақырым жерде тау ортасында Жетісудың маржаны Жасыл көл орналасқан. Бұл ретте теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте орналасқан Жасыл көлдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану – күн тәртібіндегі мәселе. Осыған байланысты Ә. Қанағатовтың жұмыс сапары барысында айтылғандай, жергілікті әкімдік оның инфрақұрылымын дамытып, демалушылардың келуіне қолайлы жағдай жасау жұмыстарын атқаратын болады.

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, Vizit орталық үшін Тополевка ауылындағы ескі мектептер ғимаратының орны белгіленген. Vizit орталық Vizit Zhetysu орталығымен тікелей жұмыс жасап, еліміздің азаматтарынан бөлек шетел туристеріне де қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Орталық бір уақытта 30 демалушыны қабылдай алатын орын болмақ. Оның ғимаратында жиын өткізу залы, ресепшн, кафе, т.б. қажетті орындар қарастырылған. 1962 жылы салынған, қайта жаңғыртуға жататын ескі мектеп ғимараттарының жалпы алаңы 659 шаршы метрді құрайды, ал нысандар орналасқан аумақ шамамен 1,4 га.

Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов ескі мектеп ғимараттарын аудан әкімдігінің теңгеріміне өткізу процестерін жылдамдатуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы