Жетісуда қылмыс деңгейі 30 %-ға дейін азайған

24 Маусым 2024, 09:04
299
Бөлісу:
Жетісуда қылмыс деңгейі 30 %-ға дейін азайған
Фото: Арман Мухатов - архив

Өңірлік полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмысының нәтижесінде қылмыс деңгейі 28,4%-ға төмендеп, қылмыстың ашылуы 70,8%, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір жастар арасындағы құқықбұзуды қысқарту мен жою мақсатында тәртіп сақшылары түнгі күзетке мұқият қарауда. Арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды тәртіпке шақырып жүр. Мұны облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров айтып берді.

Әріптестеріміздің облыс құрылғалы атқарып келе жатқан шаруасы көл-көсір. Әрине бәрі біз қалағандағыдай бола бермесе де, қылмыстың алдын алу бағытында жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінде қылмыстың ашылу 71 пайызға дейін жетті. Біз бұл жұмыстарды әлі де пысықтайтын боламыз. Өңір шағын болғанымен түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Әріптестерімді келе жатқан меншікті мерекесімен құттықтаймын, - деді Омаров.

Облыс полицейлері бүгінде қоғамның негізгі проблемаларының бірі болатын интернет-алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандырды. Жыл басынан бері 9 адам синтетикалық есірткіні таратқаны үшін ұсталған. Көктемде «синтетика» жасау бойынша ірі есірткі зертханасы жойылды. Мұнда 45 кг астам синтетикалық есірткі мен олардың прекурсорлары тәркіленді. Сонымен қатар жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде интернет-алаяқтық фактілерінің саны 36,7%-ға төмендеген.

Шынында Ішкі істер органдарының алдына қойылған басым міндеттердің бірі азаматтардың полиция қызметіне деген сенім деңгейін арттыру. Бұл үдеден шығу үшін бар кұш-жігерімізді салуға әзірміз. Әріптестеріміз күнтіз-түні халыққа қызмет етуге дайын. Қаланың тыныштығы біз үшін маңызды, - дейді Омаров.

Өзгелердің жаңалығы