«Талдықорған төрінде «KIDS MARATHON» отбасылық марафоны ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ге жуық отбасы қатысты», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жобаға өңірге қарасты аудандардан бірнеше отбасы өтініш берген. Балаларын бірге әкелген жас ата-аналар өзара түрлі қызықты байқауларға қатысып, бағын сынады.
Игілікті іске мұрындық болған «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Jetysu Jastary» орталығы. Салауатты өмір салтын ұстануға негіз болған марафон жаңадан отау құрған жастар да келді.
Жаздың басы балалар күні басталып, сәбидің күлкісі жарқын-жарқын шығады. Біз жаңадан шаңырақ құрғаннан кейін жақсылықққа ырымдап осы байқауға ағамыздың баласын ерте келдік. Ауылдан келген жас ата-аналардың бір-бірін түсінісуі қандай жақсы. Көңіліміз бір шаттанып қалды. Жаңа достар таптық. Марафонда бір-бірімен бәйгеге түскен отбасылардың жеңіске деген ұмтылысы қызыққа толы болды. Әбден күлкіге қарық болдық. Табиғат асында серуендедік. Осындай мерейлі жиындар жиі болып тұрса дейміз, - дейді қатысушы Айнұр Оразбекова.
Марафонға 100-ге тарта жас отбасы мен олардың 8-10 жас, 6-8 жас, 4-6 жас, 1 жас аралығындағы балалардың қатысқан. Марафон кезеңдері ата-аналар мен балаларға арналған бірнеше эстафеталарды қамтыды. Жүгіру, түрлі спорттық сындарда өзара мықыны анықтады, сондай-ақ логикалық тапсырмалар берілді.
Кішкентай балапандарды арнайы шақырылған аниматорлар ойнатты. Бетке гриммен сурет салу алаңы орнатылып, тегін әуе шарлары, балмұздақтар және марафонға қатысушы балаларға жұмсақ ойыншықтар табысталды.
Жан-жақтан жиналған жас ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, тарқады. Естелік үшін фотосуретке түсті.