Жетісуда күкірт қышқылының шашылуы: тұрғындар үйлеріне оралды

1 Маусым 2024, 23:15
525
Бөлісу:
Жетісуда күкірт қышқылының шашылуы: тұрғындар үйлеріне оралды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілді.

Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шектерде екенін анықтады. Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, өңірдегі Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылының ағуы анықталды.

Құтқарушылар жергілікті үйлерден 46 ауыл тұрғынын эвакуациялады. Вагон-цистернаның салқындату жұмысы тексерілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы