Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ақсу ауданындағы "Көлтабан-Матай" тасжолында Mitsubishi Montero Sport көлігінің қатысуымен болды.
Ауылдық жолдың 50-шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті. Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз: