Жетісуда хабарсыз кеткен қария полигон жанынан табылды

16 Мамыр 2023, 21:02
966
Бөлісу:
Жетісуда хабарсыз кеткен қария полигон жанынан табылды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен қарт әйел ескі әскери полигонның жанынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. 13 мамырда үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. 

Жетісуда хабарсыз кеткен қария полигон жанынан табылды

Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды. Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам тартты. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды. Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін туыстары оны үйіне алып кетті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы