Жетісуда бір сәтте 27 мың бала күй тартты

Кеше, 20:11
501
Бөлісу:
Жетісуда бір сәтте 27 мың бала күй тартты
Фото: баспасөз қызметінен

Облыс орталығында "Күй күмбірі" атты домбырашылар челленджі ұйымдастырылды. Өңірдегі барлық оқушы күй тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Наурыз мерекесіне орай облыстағы аудан-қала оқушылары бір уақытта қазақ күйшілерінің танымал туындыларын көрерменге ұсынды. Мұндай ауқымды шара өңір көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып тұр. Тіпті ауылдағы оқушыларда іс-шараға онлайн қатысып, челленджді одан әрі жандандырды.

Әрбір қазақ баласы домбыра шерте білуі қажет. Мұнда қазақтың бай мұрасы жатыр. Күй тартып, қос ішектің үнін жанына сіңірген жас талаптың рухы биік болады, ұлттық болмысы қалыптасады. Дәстүрлі әуендерімізді жанына тоқып, потриоттық сезімі оянады. Біз күй арқылы елдің мәдени мұрасын сақтап, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттай аламыз. Күннің шуағы төгіліп, мерейіміз тасуда. Домбыраны жарқын үні облыстың аспанында қалықтады, - дейді облыстық білім басқармасына қарасты дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Ақбаян Суниятова.

Аталған іс-шараға 8 аудан, 2 қала қоса есептегенде барлығы 26541 домбырашы қатысқан. Облыст орталығында 300-ден атсам бала домбыра құлағында ойнаған. Ұйымдастырушылар еліміздің басқа өңірінде де осындай дәстүр жалғасуын тілейді.

Айта кетейік, аталған челленджде қазақтың әйгілі күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын", "Адай" және Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" шығармалары ойнады.

Мен 2-ші сынып оқып жүрген кезімнен бастап домбыра үйірмесіне қатысамын. Әкем мен анам осы домбыраның үнін жақсы көреді. Маған күй шерткен өте қызық әрі қазақтың ұлттық әуендерін жақсы көремін, - дейді 6-сынып оқушысы Марғұлан Айтбаев.

Өзгелердің жаңалығы