Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының нашарлауына (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) байланысты облыстық маңызы бар 2 а/ж (Абай, Қостанай) және Жетісу облысы республикалық маңызы бар а/ж 1 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жетісу облысы
- "Үшарал-Достық-гр. ҚХР "84-164 шақырымы, Көктұма кенті - Дастық станциясы.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар, - деп жазылған хабарламада.