Бүгін Жетісу облысындағы егістік жерлерде қардың қарқынды еруі нәтижесінде Алакөл ауданы Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің шамамен 10 аула аумағын су алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысының ТЖД мен жергілікті атқару органдардың күшімен 15 адам, 5 бірлік техника және 3 мотопомпалар тәртібімен еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Қосымша ТЖД бастығы 25 құтқарушы, 4 бірлік техника және 6 мотопомпалар тәртібімен және күштер мен құралдар оқиға орнына шықты.
Оқи отырыңыз: