Жетісу трассасында жол қызметкерін көлік қағып, қаза болды

Жетісу облысында трассада белгі сызып жүрген жолшыны көлік қағып кетіп, қаза болды, деп жазады BAQ.KZ.

 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив 8 Қыркүйек 2023 2023, 09:37
8 Қыркүйек 2023 2023, 09:37
773
Фото: - архив

Жетісу облысында трассада белгі сызып жүрген жолшыны көлік қағып кетіп, қаза болды, деп жазады BAQ.KZ.

Жол жөндеу ұйымының қызметкері "Алматы-Өскемен" трассасының көлік жүретін бөлігінде белгілерді сызып жатқан көрінеді. 

Оны 22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қағып кеткен. 

Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. 

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Наверх