"Жетісу су арнасына" 15,5 млн теңге айыппұл салынды

16 Ақпан 2025, 17:02
531
Бөлісу:
"Жетісу су арнасына" 15,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: автордан

Аталған мекеме кәсіпкерлерге арналған заңнамаға бағынбаған. Мәселен, бизнес өкілдеріне арналған су тарифі текше метріне 251 теңге болса, олар 275,5 теңгеден есептеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарыөңірде белсенді түрде жүріп жатыр. Мәселен, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс орталығындағы 2,4 мың кәсіп иелерінің заң аясында талаптарын қанағаттандырған. Артық салынған салықтардың алдын алып, кәсібіне кедергі келтіретін факторларды азайтқан.

Алдыңғы жылдан бастап өңірдегі антикор саласының мамандары "Бизнеске жол" жобасын іске асырып жатыр. Соның нәтижесінде облыс кәсіпкерлерінің 23 миллион теңге қаржысы үнемделді. Мәселенки, "Жетісу Су Арнасы" мекемесі көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан су тарифін төмендетпегеі анықталды. Жүргізілген жұмыстардың барысында бизнес субъектілері үшін тариф 1 текше метр үшін 275,5 теңгеден 251 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жеке тұлғалар үшін 1 текше метр үшін 70-тен 68 теңгеге дейін арзандатылды. Жұмыстар жалғасады, дейді Аникордың Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов.

​Оның айтуынша, өңірлік антикор облыс көлеміндегі әкімшілік кедергілерге де тосқауыл болған. Бүгінде басқа да салаларда құқық бұзушылықтар болмауы үшін, алдын ала тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.

Кәсіпкерлерге салынатын салық көлемі артты. Сондықтан жарық, су тарифіне байланысты қаржыны азайту қажет. Әсіресе мемлекеттен бір де бір тиын алмайтын бизнес өкілдеріне маңызды, дейді кәсіпкер Асылбек Пірназар.

​Айта кетейік, заң бұзушылықтар үшін "Жетісу Су Арнасы" мекемесі 15,5 млн теңге айыппұл арқалады.

Өзгелердің жаңалығы