Жетісу облысындағы Көксу қант зауыты 200 мың тонна өнім қабылдамақ

12 Қазан 2022, 16:14
1163
Бөлісу:
Жетісу облысындағы Көксу қант зауыты 200 мың тонна өнім қабылдамақ
Фото: Жетісу облысының ақпараттық алаңы

Көксу ауданында соңғы 9 айда 24,2 миллиард теңгенің  ауыл шаруашылық өнімі өндіріліді. Бұл туралы Жетісу облысының ақпараттық алаңындағы баспасөз мәслихатында Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні, аудандағы ауылшаруашылығының егістік көлемі 31 710 гектарды құрады. Қазіргі кезде  9 790 гектар дәнді дақылдар жиналып, қамба 23,9 мың тонна астықпен толықты. Орташа өнімділігі гектарына 24,4 центнерді құрады.

Өңірдегі негізгі табыс көзі қант қызылшасы екенін айта кету керек.  Аймақта ерте көктемде 1 200 га қант қызылшасы себілды. Қазіргі таңда тәтті түбірді жинау науқаны басталды. Зауыт 27 қыркүйектен қант қызылшасын қабылдап, өңдеу жұмыстарына кірісті.

Биылғы жылы зауыт 200 мың тоннадан астам қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр. Бір тонна қант қызылшасын 30 мың теңгеден қабылдайды, оның сыртында қосымша тасымалдау жол ақысы төленеді, - деп атап өтті аудан әкімі Мәрлен Көлбаев.

Айта кетейік, ауданда дәнді, жүгері, майлы дақылдар және картоп жиналып жатыр, осылайша аймақтағы егіс басындағы жұмыстар қыза түскен. 

Өнеркәсіп саласына келсек, Көксу қант зауыты биыл сәуір-қыркүйек айында 18 миллиард теңгеге 48 мың тонна  қамыс қантын өндірген. Қазан-желтоқсан айларында қант қызылшасынан 24 мың тоннадай қантты өндеу көзделіп отыр. 

Шағын және орта бизнесте де дамудың оң динамикасы сақталған. Қазір ауданда осы салада 5 687 адам жұмыс жасайды Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 5 миллиард 241 миллион теңгегені құрап, бюджетке 426 миллион теңге салық түскен. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 1 753 жұмыссыздың 1 189-ы жұмысқа тұрды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы