Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты», - деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.
Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар.
Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.