Күн райының бұзылуына байланысты Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.
9 қарашада сағат 01:30 шамасында Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 480-557 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Үшарал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда, - делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Оқи отырыңыз: