Жетісу облысында жоғалған малшы табылды

Еліміздің ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 23 Желтоқсан 2024 2024, 07:16
23 Желтоқсан 2024 2024, 07:16
546
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Еліміздің ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туылған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне берді, жағдайы тұрақты.

Наверх