Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

4 Қазан 2025, 18:20
805
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сейсмикалық станциялар желісі 4 қазан күні сағат 17:42-де (Астана уақытымен) Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер асты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан шамамен 209 шақырым солтүстік-шығыста, Қазақстан аумағында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің есептік күші Текелі қаласы мен Жетісу облысындағы Қарабұлақ кентінде MSK-64 шкаласы бойынша 2 баллды құраған.

Қазіргі уақытта жапа шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы