Жетісу облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңес барысында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, тікұшақ техникасына арналған ангар салу, сондай-ақ өңірлік бөлімшелерді заманауи техникамен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету жайы сөз болды.
Тараптар азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін арттыру, төтенше жағдайларға әрекет ету жеделдігін күшейту және гарнизонды кезең-кезеңімен жаңғырту бағытындағы алдағы қадамдарды қарастырды.
ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов министрлік тарапынан өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Министрлік өңірге жан-жақты қолдау көрсетеді. Барлық ұсыныстар мен бастамалар егжей-тегжейлі пысықталып, қажетті шешімдер қысқа мерзімде қабылданады, – деді ол.
Кездесу қорытындысында материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайтуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігі айтылды.