Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде суға батқан адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 наурызда Ескелді ауданындағы техникалық су қоймасында орын алған төтенше жағдай кезінде өз өмірлеріне қауіп төнсе де, полиция қызметкерлері – криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Өмірбек Сенбай мен патрульдік полиция аға инспекторы Мұхтар Нұрмұханбетов суға кеткен азаматтарды құтқарып қалған, - делінген хабарламада.
Кәсіби шеберлік пен ерлік танытқандары үшін олар Төтенше жағдайлар министрлігінің "Суға батқан адамдарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Аталған оқиға полиция қызметкерлерінің адам өмірін сақтау жолындағы жанқиярлық еңбегінің айғағы болды.