Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында сібір жарасымен ауырған мал көмілген жерлер қоршауға алынды – әкім

Бөлісу:
 vesti-yamal.ru
Фото: vesti-yamal.ru

Жетісу облысында сібір жарасына байланысты бұрынғы көмінділерді бетонмен қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевқа: “Былтыр Алматы облысында сібір жарасы фактісі тіркелді. Сіздің өңір Алматы облысымен көршілес. Сондықтан сібір жарасы ошақтарын қоршау мәселесі назарға алынған ба?” деген сұрақ қойды.

Әкімнің айтуынша, өңірде қауіпті аумақтар бар, бірақ олар белсенді инфекциялық ошақ болып саналмайды, тек бұрынғы көмінділер (жерленген орындар).

Бұл мәселе назарға алынған. Бізде де сондай көмінділер бар. Бұған дейін олардың барлығын темір қоршаумен қоршаған едік. Былтыр күзде Үкіметтің арнайы тапсырмасымен осы көмінділерді сыртынан темір емес, толықтай бетонмен қоршау міндеті жүктелді. Қазір осы жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз. Келесі жылдың соңына дейін бәрін аяқтаймыз. Қауіп жоқ, – деді облыс әкімі.

Бұған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі қымбатшылыққа қарсы шараларды атады.

Өзгелердің жаңалығы