Жетісу облысында Қаңтар оқиғасына қатысқан 140 адамға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Сотталғандардың 127-сінің бас бостандығынан шартты түрде айыру және шектеу мерзімі қысқартылды. 13-і сот тағайындаған негізгі жазадан босатылды. Мемлекет басшысы жариялған амнистияға ілінгендер бүлік кезінде ұсақ және орташа бұзақылыққа барғандар. Ауыр қылмыс жасағандар да бар. Олардың заң бұзушылық әрекетіне байланысты тағайындалған жазасы жеңілдетілді. Прокурорлар сот қарауына ұсынылған істер әлі де бар екенін айтады.
Бүгінгі күні 17 іс бойынша әлі де соттың қаулысы жария етілмеген. Олар енді қаралу сатысында. Бұл жерде айта кететін нәрсе бұл тізім көбеюі мүмкін. Өйткені біз мониторинг жүргізіп жатырмыз, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркебұлан Сүлеймен.