Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында полиция 150 жүк көлігіне боранда жол бастап берді

Кеше, 23:55
295
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 150 жүк көлігін ілесіп жүріп, қауіпсіз орынға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Боран, көктайғақ және қатты жел салдарынан бірқатар автожол учаскелерінде қозғалыс уақытша шектеліп, жол жағдайы әлі де күрделі болып тұр. Осыған байланысты облыстық патрульдік полиция батальоны күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Алматы – Өскемен республикалық трассасының ең қиын бөліктерінің бірінде патрульдік экипаждар жүк көліктерінен құралған ұзын колоннаны қауіпсіз жерге дейін шығарып салды. Полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында жүргізушілер жақын маңдағы кемпингтер мен жабдықталған демалыс орындарына жеткізілді.

Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қолайсыз метеожағдай кезінде жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қазіргі уақытта полиция тәулік бойы жолдарға мониторинг жүргізіп, қиын учаскелерде көмек көрсетіп, барлық шақыртуларға жедел әрекет етіп жатыр.

Полиция жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, рөлде аса мұқият болуға, мүмкіндігінше ұзақ сапарларды кейінге қалдыруға және жол қызметтері мен полицияның нұсқауларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы