Жетісу облысында оқушылар саман кірпіштен тұрғызылған мектептерде оқып жүр

25 Ақпан 2023, 14:21
1106
Бөлісу:
Жетісу облысында оқушылар саман кірпіштен тұрғызылған мектептерде оқып жүр
Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысында оқушылар саман кірпіштен тұрғызылған 26 мектепте оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Жетісу облысына жасаған сапарында шешімін табуды қажет ететін бірқатар әлеуметтік мәселеге назар аударды. 

Мәселен, облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды, тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған. Сонымен қатар Үкімет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін өңірде жаңа 10 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылған. 

Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады, — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы облыстағы 59 медициналық нысан жалға алынған және бейімделген ғимараттарда орналасқанын атап өтті.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында екі жыл ішінде осы медициналық объектілер денсаулық сақтау желісінің нормативіне сәйкес келтірілетін болады. Сонымен қатар әкімдік жер учаскелерін бөлуді және инженерлік коммуникацияларды жүргізуді жедел қамтамасыз етуі қажет, — деді Премьер-Министр. 

Өзгелердің жаңалығы