Жетісу облысында мемлекетке 170 млн теңгенің жері қайтарылды

12 Сәуір 2024, 14:41
215
Бөлісу:
Жетісу облысында мемлекетке 170 млн теңгенің жері қайтарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Жетісу облысының прокуратурасымен 170 млн теңге сомасына жер қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды.

Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы