Бүгін Үшарал қаласында Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап кетті. Депутат алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан объектіледің бірінде мас күйіндегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлады полиция департаменті.
Мәлеметке сәйкес, күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстаған. Ал жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем каретасында қайтыс болған.
Ұсталған ер адам Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.