Жетісу облысында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде болған.

 freepik.com Бүгiн 2026, 17:52
Бүгiн 2026, 17:52
139
Фото: freepik.com

Жетісу облысының Текелі қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Отбасылық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түрде растады. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында дастарқан басында туындаған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Наверх