Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 12 ақпан сағат 21:20-дан бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 173–234 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан Жамбыл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Жол қозғалысын 2026 жылғы 13 ақпан сағат 01:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жол мамандары жүргізушілерден ауа райы жағдайын ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.