Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Бөлісу:

Жетісу облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі аграрлық сала мамандарын марапаттап, облыстың үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа тракторлар табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнім көлемі 2 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға өсіп, 90 млрд теңге болды. Салтанатты жиын басталар алдында Бейбіт Исабаев І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған көрмені аралап көрді. Көрмеде өңірде өндірілетін түрлі өнімдер мен агротехнология саласындағы бірқатар жаңашылдықтар ұсынылды.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

 

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Мерекелік құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ІІ форумында қойған міндеттеріне арнайы тоқталды.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Бұл күн – елдің азық-түлік қауіпсіздігінқамтамасыз етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. Біздің алдымызда облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін арттырып, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру және оны жоғары технологияға негізделген сала ретінде дамыту міндеті тұр. Биыл агросубъектілерді қолдауға мемлекет тарапынан 61,2 млрд. теңге қаражат бөлінді, оның 25,2 млрд. теңгесі - субсидия, 24 млрд. теңге - жеңілдетілген кредиттер, 12 млрд теңге - лизингтік бағдарламалар. Соның нәтижесінде жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынып, машина трактор паркі жаңартылуда. Су үнемдеу технологиясы енгізіліп жатыр. Биыл облыс диханшыларының қажырлы еңбектерінің арқасында 2,0 млн.тонна ауыл шаруашылық дақылдары жиналды. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, адал еңбектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді Бейбіт Исабаев.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

 

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Мұнан кейін жиын марапаттау рәсімімен жалғасты.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан соң «Өңірдің үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясы бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, шаруа қожалықтары арасынан Қаратал ауданының «Ерен Тау» ШҚ үздік деп танылса, заңды тұлғалардан Алакөл ауданының «Сельский механизатор» ЖШС жеңімпаз атанды. Олардың басшыларына І дәрежелі дипломдар мен жаңа трактор кілттері табысталды.

Ал қайта өңдеу кәсіпорындары арасында Талдықорған қаласында сүт өнімдерін өндіретін «Ләззат-2016» ЖШС үздік деп танылды. Марапат ретінде І дәрежелі диплом мен ақшалай сертификат берілді.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Марапатталғандар атынан Қаратал ауданындағы «Ерен Тау» шаруа қожалығының жетекшісі Қаһарман Мағдықасым сөз сөйледі:

Біздің шаруашылық егіншілік пен малшылықты қатар дамытып келеді. Негізінен қант қызылшасы мен жүгері өсіреміз, алдағы уақытта күнбағыс өсірсек деп жоспарлап отырмыз. Қожалықта 1600 бас ұсақ мал бар. Өнімділікті арттыру және суармалы суды үнемдеу мақсатында ылғал үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізе бастадық. Қазіргі таңда шаруашылығымызда 480 гектар алқапта тамшылатып суару жүйесі қолданылады, ал келесі жылы бұл көрсеткішті 800 гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Еңбегіміздің бағаланғаны қуантады. Жаңа трактор көктемгі егіс науқанын сапалы жүргізуге үлкен көмек болады, – деді ол.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты

Ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысушы, «Евразиан дринкс» ЖШС өкілі Мадияр Түйебаев та өз пікірін білдірді. Аталған кәсіпорын биыл көктемде Талдықорған қаласында бал қосылған қымыз, сондай-ақ өзге де сүтті сусындар өндірісін жолға қойған:

Өнімімізге қажетті шикізатты негізінен Текелі қаласынан аламыз. Бие сүтінен алынған ашытқыны пайдалана отырып, «балқымыз», яғни бал қосылған қымыз өндіруді қолға алдық. Сонымен қатар айран, «Таң» сусыны және ішетін йогурт шығарамыз. Осы аптада 3 тонна өнім өндірдік. Қазіргі таңда өнімдеріміз Талдықорған қаласында сатылып жатыр, ал айран Алматы қаласына жеткізіле бастады. Алдағы уақытта өнімдерімізді Қытай еліне экспорттауды жоспарлап отырмыз, қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсатымыз – халықты қолжетімді бағада сапалы өніммен қамту. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған көрмеде өз өнімімізді ұсынуға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз, – деді ол.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты
Өзгелердің жаңалығы