Жетісу облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылды

14 Ақпан 2024, 01:23
445
Бөлісу:
Жетісу облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылды
Фото: baq.kz

Жетісу құтқарушылары 13 ақпанда түнгі уақытта Үшарал-Достык автожолында қар құрсауында тұрып қалған бір автокөлік тола адамдарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу шыққан құтқарушылар қар құрсауында кептеліп қалған 1 техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы