Жетісу облысының Қаратал ауданында құны 111 миллион теңге болатын жер игерілмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Қаратал ауданындағы кәсіпкерлер заң талаптарын бұзған. Жерды алған соң, мақсатты пайдаланбаған. Заңбұзушылықты тексеріс барысында құзырлы орган өкілдері игерілмеген 38 жер учаскесін анықтаған.
Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шегінде жергілікті атқарушы органдарға адал субъектілерге пайдалануы үшін қайтарылған жерлерді беруге бағытталған. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр, - деді Жетісу облыстық прокуратурасы.