Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды

Бүгiн, 15:07
141
Бөлісу:
Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертханалардың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам "мефедрон", шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ "синтетик" өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның 2 шетел азаматтары.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы