Жетісу аудандық ауруханаға жаңа көліктер берілді

Бөлісу:
Жетісу аудандық ауруханаға жаңа көліктер берілді

Жетісу облысында медициналық ұйымдарға 29 жаңа көлік берілді. Тозған санитариялық автокөлікті жаңарту, оның ішінде шалғайдағы ауылдардан шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Автокөліктер барлық Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан және Қаратал сияқты сегіз аудандық орталық ауруханалардың арасында бөлінген. Сондай-ақ Талдықорған қалалық емханасының, қалалық көпбейінді аурухананың, облыстық көпбейінді клиниканың және фтизиопульмонологиялық орталықтың автопарктері жаңартылды.

Көлік құралдары пациенттерді тасымалдауға арналған құралдарды, оттегі баллондарын, инфузиялық терапия аппараттарын және басқа да қажетті жабдықтарды қоса алғанда, шұғыл медициналық көмекке арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Автопаркты осылай жаңарту медициналық көмектің келу уақытын қысқартып қана қоймай, оның сапасын арттырады, бұл әсіресе төтенше жағдайларда маңызды.
Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы