Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдерінің "Жаңа Қазақстан дейміз. Жаңадан бөлінген облыстардағы Жаңа Қазақстанның бет-бейнесі қандай болу керек?" деген сауалына облыс әкімі жауап берді.
Жаңа Қазақстанның бет-бейнесі қандай болатынын мен білмеймін. Бірақ жаңаша жұмыс істеу қалай болатын білемін. Бізге фотографиясын ешкім көрсеткен жоқ қой, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Бұған дейін Жетісу облысындағы кейбір ауыл ауыз суға жарымай отырғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз: