Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы өрт салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырауы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Бұл - орны толмас ауыр қайғы. Қаза тапқандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамын, - деді министр.
Сүлейменова атап өткендей, Президенттің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайы анықталуда, барлық қажетті көмек көрсету ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Өңірлік бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және Психологиялық қолдау орталығының мамандары жедел барып, жұмыс істеп жатыр.