Жетісайда жиын өткізгендер жазаланды

2 Сәуір 2020, 11:54
1571
Бөлісу:
Жетісайда жиын өткізгендер жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде "Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр" деген бейнежазба таралған.

Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар белгілі болды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.

Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде. Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді.

Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.
Өзгелердің жаңалығы