Жетісайда коронавирус жұқтырған келіншек тұңғышын аман-есен босанды

14 Тамыз 2020, 23:49
1500
Бөлісу:
Жетісайда коронавирус жұқтырған келіншек тұңғышын аман-есен босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған жүкті келіншек перзентін аман-есен дүниеге әкелді.

21 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғыны кеше жүктілік кезеңінің 39 апталығында "Жетісай" аудандық орталық ауруханасына түсті. Әйел дені сау ұл баланы өмірге алып келді. Сәбидің салмағы – 3,2 келі.

Келіншектің бұл тұңғыш сәбиі. Есепке алынып, үй жағдайында бақылауда тұратын оның жағдайына қарай әрекет жасап, аман-есен босандырып алдық. Анасы мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, - дейді "Жетісай" аудандық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Әміреева.

Елдегі төтенше жағдай мен карантиндік режимге қарамастан, аудандағы дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында жыл басынан бері Жетісай аудандық перзентханасында 2800 сәби дүниеге келген. Олардың 50-і егіз болса, 400-ге жуығы ота арқылы туған.

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен наурыз айында "Жетісай" аудандық орталық ауруханасында Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Шардара және Жетісай аудандарына арналған 100 орындық инфекциялық госпиталь құрылған болатын. Бүгінде COVID-19 пандемиясына шалдығушылар санының төмендеуіне байланысты онда небәрі 20 төсек-орын қалған.

Өзгелердің жаңалығы