Жетімге жұдырық ала жүгірген бе?

27 Қаңтар 2025, 20:36
276
Бөлісу:
Жетімге жұдырық ала жүгірген бе?
VIDEO
Фото: pixabay.com

Атыраудағы "Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылында шу шықты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы жағдайдың осыдан жарты жыл бұрын таспаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейнежазбада жартылай жалаңаш ер адамның спорт залы тәріздес бөлмеде жеткіншектің артынан қуалап, қолындағы резеңке тәпішке сыңайлы затпен бірнеше рет соққаны көрінеді. Бұл сол мекемедегі автобустың жүргізушісі екен. Жағдай 2024 жылдың шілде айында болған. 

Атырау облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Айжан Сәрсембаева желідегі парақшасында жағдайды ести сала, мекемеге барғанын жазған.

Атыраулық белсендінің парақшасында 27 қаңтарда жарияланған постқа сәйкес, Атырау облыстық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жане жасөспірімдер үйінде болған оқиғаға байланысты шұғыл түрде отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, Полиция департаментіне телефон шалып, шақырдым. Мәселе орын алған жерге Атырау облысы Білім беру басқармасы тарапынан зерделеу комиссиясы құрылып, анықтаудамыз, - дейді Айжан Сәрсембаева. 

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау бойынша іс қозғалған. 

Атырау облысы Полиция департаменті хабарлайды: "Шаңырақ" балалар үйінде болған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялаяланбайды, - деді Облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетсек, жалпы мекемеде барлығы 8 үй бар, оның 7-еуінде 36 бала тәрбиеленуде. Мекемеде барлығы 57 бейнекамера қондырылып, 2-і ЖБО-ға қосылған. Жалпы штат саны 56.

Өзгелердің жаңалығы