Президент Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаулыға сәйкес:
1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.