«Жетібай-Жаңаөзен» жолы уақытша жабылды

11 Маусым 2024, 06:50
362
Бөлісу:
«Жетібай-Жаңаөзен» жолы уақытша жабылды
Фото: baq.kz

Маңғыстау облысындағы Жетібай-Жаңаөзен жолының бір бөлігі бүгіннен бастап уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы филиалының мәліметінше, күрежолдың 28-31 шақырымдық бөлігі 19 шілдеге дейін барлық көліктерге жабық болады. Осы жолдың аэродромдық учаскесінде әскери бөлімшелер оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған. Бұл күндері Жаңаөзенге және қарама-қарсы бағытқа қатынайтын көліктер айналма жолмен жүреді.

Жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және айналма жолмен жүруді сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді жол мекемесінің бөлім бастығы Ерлан Биялиев.

Өзгелердің жаңалығы