Жеті күннен бері Алматыда эпидахуал тұрақты – министр

2 Тамыз 2022, 10:36
1124
Бөлісу:
Жеті күннен бері Алматыда эпидахуал тұрақты – министр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

КВИ-дың өсуіне байланысты өңірлерде эпидемиологиялық бақылау мен профилактикалық жұмыс күшейтілді. Аурудың ең көп өсуі еліміздің 6 өңірінде байқалады. Онда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 5 есе және одан жоғары өсті, оның ішінде Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында, Павлодар облысында, Ақмола облысында – 6 есе, Қостанай облысында – 5 есе көтеріліп отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, бірқатар өңірлерде індет өскен. Дегенмен, оңтүстік астанада эпидахуал тұрақтана бастаған.

Ауру 3-тен 5 есеге дейін өскен өңірлердің екінші тобына республиканың 5 өңірі жатады. Індеттің 3 есеге дейін өсуі еліміздің 6 өңірде байқалады. Соңғы аптада Алматы қаласында КВИ-ның эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтандыруы байқалады, - деді Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру 3,2 есеге өскені туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы