Жеті ауыр атлет допинг үшін жазаланды

19 Желтоқсан 2019, 21:02
2352
Бөлісу:
Жеті ауыр атлет допинг үшін жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы спортшылар мен бапкерлерді тыйым салынған препараттар қолдануына байлансты тергеу амалдарын жүргізді, деп жазады Prosport.kz. 

Тергеу нәтижесінде жеті спортшы және екі бапкер әртүрлі уақытқа спорттан шеттетілді. Тыйым салынған препаратты қолданған спортшылар қатарына Аружан Қолбай(Алматы), Гүлдана Жүніс(Алматы), Асылжан Бектай(Қызылорда обл), Алишер Сейтқазы(Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров(Алматы обл) кірді. Аталған спортшылар екі жылға ауыр атлетикадан шеттетілді. 

Республикалық спорт колледжінің бапкері Айбол Қолбаев пен арнайы спорт мектебінің бапкері Талғат Әбенді төрт жылға спорттан аластатты. 

V жазғы спартакиада кезінде допингпен ұсталған Нұрмұхамбетованың ісі жеке тергелетін болады. Әзірге спортшы барлық жарыстардан, оқу жаттығу жиындарынан шетте қалуда. 

Өзгелердің жаңалығы