"Жетеуі - жансақтау бөлімінде". Балмұздақ тасыған жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

2 Мамыр 2024, 17:30
1224
Бөлісу:
"Жетеуі - жансақтау бөлімінде". Балмұздақ тасыған жүк көлігі 29 баланы қағып кетті
VIDEO
Фото: скриншот

2 мамырда Қырғызстанның Созақ ауданында балмұздақ тасымалдаған фургон 29 баланы басып өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

24.кg сайты таратқан ақпаратқа сәйкес оқыс оқиға болған Жерге-тал ауылындағы жайлауға жиналған жүздеген оқушы "Манас" эпосынан үзінді оқыған.   

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен балалардың жас шамасы - 9-16 аралығында. 

Облыстық ауруханаға жеті бала жеткізілді. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Төтенше жағдай болған жерде 11 балаға көмек көрсетілді. Олар амбулаторлық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауына алды.

Полиция осы іске қатысты түсініктеме берді.

Көлік бортында балаларға балмұздақ таратылуы тиіс болған. Жүргізушінің сөзінше, ол көлігін іс-шара өткен жерден жоғарырақ аумаққа қойған. Көлік қалай төмен қарай жүріп кетіп, балаларды басып өткені беймәлім, - дейді құқыққорғау органдары.

Өзгелердің жаңалығы